Медициналық бөлім

Медициналық қызмет туралы мәлімет

Мектеп-интернатта оқушыларға медициналық қызмет көрсетіледі. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2011 жылғы  30 желтоқсандағы №1684 қаулысында көрсетілгендей медициналық кабинет барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді. Медициналық кабинет қабылдау, егу, оқшаулау, ас тарату, 3 палатадан(6 орындықбөлмелерінен тұрады. Жеке бас гигиена ережелерін сақтауға қол жуғыш, себезгі орнатылған, орталықтандырылған ауыз су және канализация құбырына қосылған. №1684 қаулының 23-қосымшада көрсетілген медициналық кабинетке қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 25-қосымшадағы медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамалары толтырылады.

Медициналық кабинетте бір дәрігер, аяжан жұмыс жасайды.