Асхана

Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған  №4 облыстық мектеп-интернатының асханасы жайлы мәлімет

 

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы                №611 бұйрығын, басшылыққа алып жұмыс жасайды.


2. Асханада 237 оқушы тамақтанады, 140 орынға арналған. Оқушылар 2 ауысымға бөлініп тамақтанады. Оқушылар бес мезгіл тамақпен қамтылған. Перспективті екі апталық ас мәзірі Қызылорда қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы арқылы бекітілген.                 1 оқушының 1 күндік тамақтану к/калориясы 3000 к/калория құрайды және күндік тамақтану бағасы ас мәзірі бойынша 1270 теңге тұрады.


3. Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арнлаған №4 облыстық мектеп-интернатының асханасы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары бар екі мердігермен жұмыс жасайды.


4.   Асхана 7 бөлімнен тұрады:

          v Шала фабрикаттар бөлмесі

v Көкөніс бөлмесі

v Ет және балық дайындайтын бөлме

v Ыдыстар жуатын бөлме. Жалпы ыдыс-аяқ 237 балаға 3 есе жиынтығымен қамтылған

v Ас дайындалатын бөлме

v Тамақтану залы

v Қойма


5.Асханада 12 қызметкер жұмыс жасайды.

v Аспазшы – 4

v Ем дәмбике – 1

v Қоймашы – 1

v Техникалық қызметкер – 6