Хабарландыру/Қызметке конкурс

Қ Ы З М Е Т К Е   К О Н К У Р С

«Қызылорда облысының білім басқармасының Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс тілі, физика, биология пәндерінің мұғалімі, педагог-психолог, бағдарламашы (программист)  қызметіне бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. 

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу – тәрбие жүйесін дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық-технологияларды еңгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысып, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық - коммуникациялық құзыреттілікті меңгеріп, білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сактайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды.

Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1..Жоғары білімінің,  магистр дәрежесінің болуы ;

2..Жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен  сертификаттары. (Бар болса)

 3..Оқыту  процесінде теориялық, методикалық әдіс – тәсілдерді  қолдана білуі және жұмыс тәжірибесі;

 4..Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін сабағына кіріктіре оқыта алуы тиіс. Ағылшын тілін және АКТ сауатты меңгеруі қажет.

Конкурсқа  қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі :

1.    Конкурсқа қатысу туралы өтініші;

2.    Түйіндемесі;

3.    Өмірбаяны;

4.    Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.    Еңбек кітапшасының және жеке куәлігінің көшірмесі;

Конкурсқа қатысушылар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.


Мекен – жайыҚызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Амангелді көшесі №25; 

Байланыс телефоны: 8 (7242) 70-01-13

Электронды почта мекен-жайы: odmi4@mail.ru, 120018;