Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы берілмейтін болды



    ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 Қаулысына сәйкес "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2019 жылғы 1 қарашадан бастап қолданыстан алынады.

    Сәйкесінше, барлық мемлекеттік органдар, балабақшалар, мектептер, ауруханалар, коммуналдық қызмет көрсетушілер, елшіліктер мен консулдықтар, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар, квазимемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер, екінші деңгейлі банктер, микрокредиттік ұйымдар және басқа да мекемелер - ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етпеуге тиіс.

    Талап етілген жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 8 (7242) 70-56-36 телефоны бойынша хабарласуға болады.



    Согласно Постановления Правительства от 30 сентября 2019 года №726 государственная услуга "Выдача адресных справок с места жительства" будет исключена с 1 ноября 2019 года.

    Соответственно, все государственные органы, детские сады, школы, больницы, коммунальные службы, посольства и консульства, транснациональные компании, международные организации, учреждения квазигосударственного и частного секторов, банки второго уровня, микрокредитные и иные организации - не должны истребовать у граждан Республики Казахстан адресных справок с места жительства ни при каких обстоятельствах.

    При случаях истребования можно обратиться в Департамент Агентства РК по делам государственной службы по Кызылординской области по телефону 8 (7242) 70-56-36.


2019-11-09

238